Қарағандылық ақша салынған сейфті ұрлап кетті
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Көлік полицейлері ерекше ірі мөлшерде ақша ұрлаған Қарағанды облысының тұрғынын ұстады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі көліктегі ішкі істер департаментіне сілтеме жасап.
Желілік ішкі істер бөліміне белгісіз біреулер Жезқазған станциясының локомотив депосының бухгалтериясының сейфінен ақша ұрлағаны туралы хабар келді.
Келтірілген залалдың мөлшері 6 926 348 теңгені құрады.
Көлік полицейлері Жезқазған қаласының 25 жастағы тұрғынын ұстады. Күдікті өз айыбын мойындаған.
Қарағанды облысы Жезқазған қалалық сотының үкімімен ер адам ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабы, 4-тармағына сәйкес айыпты деп танылып, бес жылға кесілді.