Қарағандылық азаматтың пәтерінен бір киләден астам героин табылды
Бұл туралы бүгін Астанада өткен брифингте Ішкі істер министрлігінің Тіл саясаты және ақпарат департаментінің бастығы Қуанышбек Жұманов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Сонымен қатар 120 күдікті қылмыскер қылмыс жасағаны үшін іздестіріліп, 6 атыс қаруы тәркіленді. 178 есірткі қылмысы, оның ішінде есірткі сатудың 59 фактісі анықталды. 22 килә есірткі, оның ішінде 2 килә героин тәркіленді»,-деді ол.
Алматылық полиция қызметкерлері 43 жастағы жеке кәсіпкер қала тұрғынын ұстап, оның пәтерінен 682 грамм героин тәркіледі. Ақпанның 21-інде «Дельта-Долина» өңіраралық арнайы бөлімшесі мен Жамбыл облысының Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасы «Майлықара» учаскесінде кептірілген марихуананы сату кезінде 41 жастағы жергілікті тұрғынды ұстап, одан 89 килә осы есірткі затын тәркіледі. Ал басқа жерде 36 жастағы жамбылдықтан 129 килә марихуана тәркіленді.
«Қарағанды ІІД Есірткі бизнесіне қарсы күрес басқармасының қызметкерлері бұдан бұрын есірткі сақтағаны үшін сотталған 36 жастағы жергілікті тұрғынды ұстады. Оның пәтерін тексеру барысында 10 орамға бөлініп оралған 1 киләден астам героин табылды», деді Қ. Жұманов.