Қарағандылық бөтелкелесін ұрып өлтірді

ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат – Қарағандылық бөтелкелесін ұрып өлтірген, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қарағандылық бөтелкелесін ұрып өлтірді

12 қыркүйекте Қарағанды қаласындағы аудандардың бірінде зорлықпен өлтіру белгілері бар ер адамның мәйіті табылды. Аталған факті бойынша ҚР ҚК 99-бабы 1-бөлігі «Адам өлтіру» бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмысы басталды.

«Полицейлер жедел-іздестіру шараларын жүргізу барысында 60 жастағы күдіктіні анықтап, ұстады. Ол бірлесіп ішімдік ішкен соң, жанжалдасып қалғанын және зардап шегушіні өлтіргенін мойындады», - деп хабарлады Қарағанды облыстық ПД баспасөз қызметінен.

Аталған факті бойынша тергеу жүріп жатыр.