Қарағандылық дәрігерлер «доңыз тұмауының» ошағы тіркелген жағдайда қажетті көмек көрсетуге дайын

ҚАРАҒАНДЫ.   Қыркүйектің  9-ы.  ҚазАқпарат /Валентина Елизарова/ -  Қарағандының    денсаулық сақтау  қызметі А/H1N1  тұмауының  ошағы тіркелген  жағдайда    жедел  іс-шаралар  қабылдауға дайын отыр.  
None
None

 Төтенше жағдайлар жөніндегі  облыстық департаменттің басшылығы  «доңыз тұмауы»  пандемиясының алдын  алу  және  жедел  әрекет ету  жөніндегі  сәрсенбі күні өткен  жаттығудың     қорытындысы  бойынша осындай түйінге келді.

 Жаттығу   №1    қалалық  емхана  мен   облыстық инфекциялық  ауруханада өткізілді.  Оның сценарийі  бойынша,   Англиядан оралған     бойжеткен  учаскелік  дәрігерге    шағымданады,    одан  «доңыз тұмауының» белгілері   анықталады.   Науқас  дереу   «жедел жәрдем» көлігімен   инфекциялық  ауруханаға   жеткізіліп,  жеке  боксқа  жатқызылады.  Санитарлық дәрігерлер         науқаспен қарым-қатынаста  болғандардың барлығын  тексеріп  шығады.

Жаттығуды  өткізудегі мақсат -   «доңыз тұмауының»  ошағын   жою  кезіндегі    атқарушы  органдардың өз   қарамағындағы күштерді  және   құралдарды   басқаруға,  сондай-ақ  барлық қызметтердің  іс-қимылдарын  үйлестіруге дайындықтарын  тексеру  болды.

Соңғы жаңалықтар