Қарағандылық дәрігерлер қайта вакцинациядан кімдер және қашан өту керектігін айтты

ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат – Қарашаның үшінші онкүндігінде Қарағанды облысында коронавирус инфекциясына қарсы ревакцинация басталады. Дәрігерлер кросс-ревакцинациядан өтуді ұсынады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қарағандылық дәрігерлер қайта вакцинациядан кімдер және қашан өту керектігін айтты

Ревакцинацияның артықшылығы неде және неліктен қайта иммундау неліктен қажет екені туралы инфекционист дәрігер, медицина ғылымдарының докторы Розалия Бегайдарова Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен онлайн-брифингте айтып берді.

Коронавирус пандемиясы бүкіл әлемде тарап жатыр. Барлық елдерде жаңа штамдар пайда болуда. Қайта егу ағзаны қорғау үшін антиденелердің жеткілікті деңгейінің қалыптасуына мүмкіндік береді.

Қазақстанда ревакцинация ерікті негізде өтеді. Барлық егулер тегін.

«Кросс-вакцинация – бұл адамға бұрын алмаған препаратты егуді білдіреді. Егер адам алдымен «Спутник V» векторлық вакцинасын алса, онда белсенді емес – QazVac, Pfizer, Hayat-Vax және т.б. қайта вакцинациядан өтуі қажет», - деп түсіндірді Розалия Бегайдарова.

Қайта иммундау мерзімі екі дозаны алғаннан кейін алты айдан тоғыз айға дейін созылады. Оның ұзақтығы бірінші рет алынған вакцинаға байланысты. «Спутник V»-ден кейін тоғыз ай күту керек. Басқа жағдайларда – алты ай.

Ревакцинация ең алдымен коронавирус жұқтыру қаупі жоғары адамдарға ұсынылады. Ол дәрігерлер, педагогтар, құқық қорғау құрылымдарының қызметкерлері және қызмет көрсету саласында жұмыс істейтіндер. Ревакцинация әсіресе 60 жастан асқан адамдарға көрсетілген. Қарсы көрсеткіш – бұл алғашқы вакцинациядан кейін пайда болған күшті аллергиялық реакция.