Қарағандылық дәрігерлер Өзбекстан азаматын қауіпті инфекциядан аман алып қалды

ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Қарағанды қаласындағы инфекциялық ауруханада ем алған Өзбекстан тұрғыны кейін аталмыш медицина мекемесіне келіп, дәрігерлерге алғыс айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

19 жастағы науқас ауыр халде реанимацияға түскен болатын. Оған тырысқақ диагнозы қойылды. Бір айға жуық уақыт бойы қарағандылық дәрігерлер оның өмірі үшін күрескен

Шохрух Тошпулатов Қарағандыға маусым айында келген. 10 күннен кейін ол іші түйіліп мен қатты ауырсынған. Кейін анықталғандай, ол өз елінде табанын шегемен жаралап алып, медициналық көмекке жүгінбеген.

25 маусым күні жас жігіт Облыстық жұқпалы аурулар ауруханасының реанимация бөліміне жатқызылды. Емдеу 29 күнге созылды. Пациентке тырысқаққа қарсы сарысу және антибиотиктер егілді, тырысуға қарсы және симптоматикалық ем жүргізді. Шохрух 2 апта бойы өкпені жасанды желдету аппараты арқылы дем алды.

«Бұл ауру тері жамылғысының жарақат алуы, шаң, кір түсуі кезінде дамуы мүмкін. Егер адам егілмеген болса, ол сіреспені жұқтыру ықтималдығы көп. Уақытты жіберіп алмау өте маңызды - сондықтан инфекциялық ауруханада үздік мамандардың қатысуымен консилиум өткізілді және емдеудің белгілі бір тактикасы жасалды», - деп хабарлады Қарағанды облысы Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Ержан Нұрлыбаев.

Ауруханадан шыққаннан кейін Шохрух Тошпулатов үйіне кетіп, бірнеше ай өткен соң Қарағандыға қайта оралды. Ол өмірін ажалдан арашаларп қалған медицина қызметкерлеріне алғысын білдіру үшін арнайы келген екен.

«Бөлім меңгерушісі Айнагүл Сарамановаға және реаниматолог дәрігер Артем Вирцке жоғары біліктілігі және емделушілерге деген ыстық ықыластары үшін көп рахмет. Менің осы кісілерге деген алғысым шексіз. Олар менің өмірімді сақтап қалды», - дейді Шохрух Тошпулатов.

Жыл сайын 160 мыңнан астам адам тырысқақтан көз жұмады. Тіпті дамыған елдерде емдеудің ең заманауи әдістерін қолданған жағдайда да ауруханаға жатқызылған науқастардың 30-60% қайтыс болады. Қажетті мөлшерде сіреспеге қарсы сарысуы жоқ өңірлерде өлім-жітім 80%-ға дейін жетеді.

Медиктер сіреспе дертін 4 формаға бөледі: шұғыл, өткір, өткір түрге жақын, созылмалы. Мамандардың айтуынша, сіреспе ауруының алдын алудың ең тиімді әдісі - ерте жастан бастап жүргізілетін профилактикалық екпелер жасау.

Соңғы жаңалықтар