Қарағандылық дизайнер республикалық байқауда үздік атанды

ТЕМІРТАУ. ҚазАқпарат – Теміртау мәдениет сарайының сахнасында «Алтын жіп – 2022» IX республикалық байқауы өтті. Сән көрсетілімінде алты конкурстық коллекция, бағдарламаның құрметті қонақтары – дизайнерлердің алты коллекциясы, сондай-ақ «Силуэт» сән театрының коллекциялары ұсынылды. Гран-приді қарағандылық дизайнер Дмитрий Кабанюк алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қарағандылық дизайнер республикалық байқауда үздік атанды

Жыл сайын Қазақстанның талантты модельерлері мен дизайнерлері бір-бірімен жарысып, өз шеберліктерін көрсетіп, көрермендер мен қазылар алқасын таң қалдырады.

«Біздің қатысушыларымыздың мақсаттары әртүрлі. Біреулер байқауды алдағы көкжиектерді бағындыру үшін бастапқы алаң ретінде пайдаланады, біреулер өздерін таныту үшін, өздеріне сырттан қарағысы келетіндер де бар. Биылғы жылы қызықты коллекциялардан басқа, өз индустриясында жетістікке жеткен және танымал болған көптеген қонақ-дизайнерлер болды. Олардың арасында еуропалық стиль мектебінің кураторы Екатерина Тихомирова, трикотаж және тоқыма шебері, республикалық және халықаралық конкурстардың лауреаты Алла Черникова бар», – дейді байқауды ұйымдастырушы және «Силуэт» сән театрының жетекшісі Марина Миронова.

Тараздан келген қонақтар байқауға неофольклор стиліндегі коллекциясын алып келді. Модельдерді Аяулым Септемированың жетекшілігімен Тараз инновациялық университетінің студенттері жасады. Жас дизайнерлер ұлттық костюмге жаңа көзқарас танытты.

Қарағандылық дизайнер Әсия көрермендерді ұлттық авторлық костюмдермен баурап алды. Барлық модельдер қолдан жасалған талғампаз кестелермен безендірілген.

Шахтинск қаласынан Наталья Куратова «Бояуларға толы әлем» топтамасымен өнер көрсетті. Ақ көйлектер іс жүзінде трансформатор болып шықты. Олардың ақтығының артында ашық түстер жасырылды.

Металлургтер қаласының сәнгері Ангелина Ивлиева биыл екі коллекция көрсетті. Олардың біреуімен ол бір кездері конкурста өнер көрсеткен. «Лиза» – бұл аналарға арналған киім: ұзын көйлектер, шарфтар және қызының киімдеріне ұқсас заттар. «Русалина» дебюттік коллекциясы ең кішкентай қыздарға арналған жарқын көйлектерден тұрды.

Байқаудың тағы бір қатысушысы – Алена Колесникова. Қарағандылық Дизайнер «Кабо-Верде» жағажай киімдерінің топтамасын көрсетті. Бохо және спорттық шик стиліндегі модельдер Африканы еске түсіретін сәндік элементтермен безендірілген.

Байқаудың бас жүлдесін қарағандылық дизайнер Дмитрий Кабанюк жеңіп алды. Бұл оның тоқыма саласындағы алғашқы тәжірибесі. Дмитрийдің коллекциясы бір реңкте – қара түсті болды.

Айрықша өрнек көрсетілімге ерекшелік сыйлады.

Концерттік бағдарлама барысында «Силуэт» сән театрының 12 түрлі коллекциясы ұсынылды.

«Алтын жіп» байқауының барлық қатысушылары дипломдар мен сыйлықтарға ие болды.