Қарағандылық энергетиктер су тасқынына 30-дан астам техника дайындады

ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Қарағандылық ЖЭО-1 және ЖЭО-3-те көктемгі су тасқыны кезінде апатсыз жұмысты қамтамасыз ету бойынша кешендік шаралар жүзеге асырылуда, деп хабарлайды өңір басшысының ресми сайты.
None
None

Көктемгі су тасқынына орай арнайы комиссия құрылды. Энергетиктер орын алуы мүмкін зақымданулар мен апаттық жағдайларды жоюға қажет суды тартып шығаруға арналған дренажды және жылжымалы сорғыштардың, қажетті техниканың, құралдар мен материалдардың дайындығын тексерді. Төтенше оқиға орын алған жағдайда 30 бірліктен астам техника жұмылдырылатын болады. Кезекші қызметкерлер арнайы нұсқаулықтан өтуде. 
null 

Станция аумағында үнемі түрде қар тазаланып отырады. Станцияның барлық гидротехникалық құрылғылары - бірінші кезекте қауіпті акваторийлер - күл үйінділері - еріген қар суын өткізу жағдайы мұқият қаралады және әзірленеді. 

 Энергетиктер күл үйінділер бөгеті жарылған жағдайда қорғау шараларын өткізуге қатысты шаралар кешенін құрып, дайындалуда. Дренажды жүйелер мен су қабылдағыш құдықтар тексеріледі. Жарылудан сақтайтын материалдардың қоры құрылған. 

Сонымен қатар гидрометеорологиялық қызметтермен үнемі және жедел байланыс орнатылған және қоршаған орта мен метео жағдайлардың өзгерістерін күн сайын бақылау жұмыстары ұйымдастырылды.
null 

Соңғы жаңалықтар