«Қарағандылық» футболшылар Анталияға аттанады

АЛМАТЫ. 31 желтоқсан. ҚазАқпарат - Қарағандының «Шахтер» футбол клубы 3-15 қаңтарда Түркияның Анталья қаласында екінші оқу-жаттығу жиынын өткізеді.

«Қарағандылық» футболшылар Анталияға аттанады

Алғашқы жиынын олар онда 9-27 желтоқсан күндері өткізген болатын. Биыл чемпиондық атағын сақтап қалған қарағандылықтар  жаңа маусымға әзірлік кезінде  3 жолдастық кездесу өткізді. Алғашқысын 14 желтоқсанда Алматының «Қайратымен» өткізген   чемпиондар 0:2 есебімен күтпеген жерден жеңіліс тапты. Виктор Кумыков баптайтын «шахтерлар» одан кейін ҚР Тәуелсіздік күні Малайзияның жастар құрамасын 3:0 етіп жеңіп жанкүйерлерін бір желпінткен еді. 19 желтоқсанда Ресейдің Нальчик қаласының «Спартак-Нальчик» командасымен болған ақтық ойында 0:1 есебімен қарсыласына  есе жіберді.