Қарағандылық футболшылар бүгін Либерецте УЕФА Чемпиондар лигасындағы алғашқы ойынын өткізеді

АЛМАТЫ. 17 шілде. ҚазАқпарат - Бүгін Қарағандының «Шахтері» сырт алаңда Чехияның Либерец қаласының «Слован» командасымен УЕФА Чемпиондар лигасының 2-дәрежелік раундындағы алғашқы ойынын өткізеді.

Қарағандылық футболшылар бүгін  Либерецте УЕФА Чемпиондар лигасындағы алғашқы ойынын өткізеді

Сондай-ақ бүгін және ертең Еуропаның тағы 16 қаласында    осындай ойындар ұйымдастырылады. Олардың ішінде  Албания, Словения, Словакия, Беларусь, Ирландия, Эстония, Уэльс, Финляндия, Норвегия, Болгария, Әзірбайжан, Армения, Черногория сияқты елдердің командалары бар. 

Қарымта ойындар 24-25 шілде күндері өтеді.