Қарағандылық футболшылар өз алаңында УЕФА Чемпиондар лигасының қарымта кездесуін өткізеді
АЛМАТЫ. 23 шілде. ҚазАқпарат - Бүгін Қарағандының «Шахтер» футбол командасы өз алаңында УЕФА Чемпиондар лигасының екінші дәрежелік раундындағы қарымта кездесуін өткізеді.
Қарсыласы Беларусь чемпионатының көшбасшысы болып саналатын Борисов қаласының «БАТЭ» командасы.
6 шілде күні өткен сырт алаңдағы алғашқы кездесуде Виктор Кумыков жаттықтыратын қарағандылықтар 1:0 есебімен жеңіске жетіп, қоржынына алғашқы 3 ұпайын салған еді. Беларусь чемпионатында 9 дүркін чемпион атанып, 4 рет күміс, 1 рет қола жүлдегер болып, 2 рет ел кубогын иеленіп, 3 рет Суперкубок жеңімпазы атанған «БАТЭ»-нің бас бапкері Виктор Гончарев кездесу қарсаңында есе қайтаруға үмітті екенін жеткізді. В. Кумыков та бұқаралық ақпарат құралдарымен кездескен кезде кеншілердің өз алаңында аянып қалмайтын айтты.