Қарағандылық кәсіпорын темір рудасын Қытайға заңсыз сатып 1 млрд теңге пайда көрген

ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат – Қарағандылық кәсіпорын 120 тоннадан астам темір рудасын Қытайға заңсыз сатқан. Бұл туралы ҚазАқпарат Қаржылық мониторинг комитетіне сілтеме жасап хабарлайды.

Қарағандылық кәсіпорын темір рудасын Қытайға заңсыз сатып 1 млрд теңге пайда көрген

«2021 жылдың қаңтар айында Қарағанды облысында облыс аумағында тиісті рұқсат құжаттарынсыз темір кенін өндіру дерегінің жолы кесілді. 2016-2017 жылдар аралығында облыстағы коммерциялық кәсіпорындардың бірі 128 тоннадан астам темір кенін өндіріп, үлестес компания арқылы ҚХР-на өткізген. Бұл ретте, с омасы1,1 млрд теңгеболатын пайда тапқан», - делінген хабарламада.

Аталған дерек бойынша ҚР ҚК 214-б. 2-б. сәйкес сотқа дейінгі тергеу ісін қозғады.