Қарағандылық коммуналдық қызметкерлер кәріз құбырынан екі мысықтың өлексесін тапты
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат – «Қарағанды Су» ЖШС қызметкерлері кәріз құбырындағы бітелуді тазалау кезінде мысықтардың өлекселерін тапты, Аталмыш жағдайдың мән-жайы анықталуда, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Қарағанды Су» ЖШС Майқұдық су бұру цехының бригадасы К. Маркс көшесі 7 үйінің кәріз желісіндегі бітелуді тазалау кезінде 2 мысықтың өлексесін шығарды. Бригаданың айтуынша, мысықтардың өлекселері үйдің кәріз шығарылымдарында жатқан», - деп хабарлады «Қарағанды Су» ЖШС баспасөз қызметі.
Кәсіпорында айтылғандай, бұл жайт қызметкерлердің жағасын ұстатқан. Коммуналдық мекеме мамандары балалармен және ерекетермен әңгімелесуді және жануарларға қатыгездіктің алдын алуды сұрайды. Сонымен қатар, еш жағдайда кәрізге бөгде заттарды ағызбау керектігін еске салады.