Қарағандылық компания құтқарушыларды отандық катерлермен қамтамасыз етпек

None
None
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Қарағанды облысында шағын катерлер шығарылады. Оларды құтқарушылар, қорық қызметкерлері мен су қоймаларының сақшылары және қажет болса тұрғындар да пайдаланады, деп хабарлайды Қарағанды облысы әкімдігінің ресми сайты.

Сайтта жарияланған мәліметтерге қарағанда, жергілікті өнім Қазақстанның барлық өңірлеріне жеткізіледі және Ресейге экспортталады.

«Қарағанды шағын кеме құрылысы верфі» ЖШС 2013 жылдан жұмыс істеп жатыр. Оның цехтары Федоров су қоймасында орналасқан. Қазір кәсіпорында 15 адам жұмыс істейді.

«Біздің катерлердің ұзындығы 3 метрден 14 метрге дейін жетеді. Оларды жеке тұлғалар да, мемлекеттік мекемелер де сатып алады. Біз Қазақстанда шағын өлшемді катерлер шығаратын жалғыз компаниямыз. Әрине,мемлекеттік мекемелерге бізден сатып алған тиімді болар еді, себебі шетел өндірушілеріне қарағанда бізде баға шамамен 15%-ға төмен. Біздің өнімдерімізді Челябинск және Екатеринбург сияқты Ресейдің қалаларынан да сатып алады, - дейді, кәсіпорынның коммерциялық директоры Александр Дворянчиков.

Катер өндірісі үшін арнайы қорытпа, ал ішкі өңдеуі үшін -ылғалға төзімді шере мен маридектің палубалы жабыны қолданылады. Қозғалтқыштар мен басқа детальдар Қытайдан, Еуропадан және Жапониядан импортталады.

«Біз өзіміз өндіретін катерлердің ұзындығын 7 метрден 14 метрге дейін ұлғайтуды көздеп отырмыз. Аса қолайлы, жақсы жабдықталған катер жасауға болады. Оларды күзет қызметіне лайықтап жасау үшін радарлар мен түрлі электроникамен жабдықтауға болады, - дейді Александр.

Айта кетейік, қарағандылық компания жылына 60 кемеден 100 кемеге дейін шығарады.


Соңғы жаңалықтар
telegram