Қарағандылық құрылысшылар Арыста бір айда 519 пәтер мен 72 жекеменшік үйді жөндеді

None
None
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Қарағанды облысының құрылысшылары Түркістан облысының Арыс қаласында барлық жөндеу және құрылыс жұмыстарын аяқтады, деп хабарлайды облыс әкімдігінің баспасөз қызметі.

«Жалпы біздің өңірден оқ-дәрі қоймасындағы жарылыстан кейін тұрғын үйді қалпына келтіруге 20-дан астам құрылыс фирмалары қатысты. 400-ге жуық маман демалыссыз жұмыс істеді, зардап шеккен тұрғындар тез арада өз үйлеріне оралды. Бір ай ішінде қарағандылықтар 519 пәтер мен 72 жекеменшік үйді жөндеді. Арыс қаласын снарядтардан тазарту жөніндегі негізгі іс-шаралар аяқталған соң, біздің бригадаларымыз қалпына келтіру жұмыстарын бастады. Біз мұнда 28 маусымда келдік. Әртүрлі құрылымдар мен 25 мердігерлік ұйым тартылды. Әрбір бекітілген үй бойынша іс-шаралар жоспары жасалды», - деді Қарағанды облысының құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасының басшысы Тайхан Қалмаханов.

Мердігерлердің айтуынша, Арыс тұрғындарының трагедиясы ешкімді бей-жай қалдырмады.

«Әрине, біз шетте қалмадық, адамдарға қирағаннан кейін тұрғын үйлерін қалпына келтіруге көмектесуге келдік. Біз 11 көпқабатты үйге жауапты болдық. Қажетті жөндеуден басқа, тұрғындардың өтініштерін орындадық. Біздің мамандармен бірге жергілікті тұрғындар да жұмыс істеді. Біз Арыс қаласында жөндеу кезінде 200-ге жуық адамды қабылдадық», - деді «Жилкомхоз 2030» ЖШС директорының орынбасары Талғат Қасымханов.

Мамандардың айтуынша, қарағандылықтарға үйлерді қысқа мерзімде қалпына келтіруге ТЖ салдарын жою бойынша жұмыс тәжірибесі көмектесті.

«2015 жылы Қарағанды облысында күрделі су тасқыны кезеңі болды. Сол кезде үлкен судан зардап шеккен адамдарға жедел көмек керек болды. Біздің құрылысшылар дала жағдайында жұмыс істеуге сол кезден үйренген. Әдеттегі іс деп айтуға болады», - деп атап өтті Тайхан Қалмаханов.

Арыс қаласында көп қабатты үйлердің аулаларына шатырлар орнаттық. Осы жерде туындаған мәселелерді шешу үшін тұрғындарды қабылдау жүргізілді. Бұл адамдарға әр мәселе бойынша штабқа бармау үшін және ыңғайлы жағдай жасау мақсатында жасалды.

Өз бастамасымен қарағандылықтар сонымен қатар демеушілік қаражатқа тұрғын үй аймағында спорт алаңын жабдықтады. Көп қабатты үйлердің тұрғындары мұндай сыйлыққа қуанып, алғыстарын білдірді. Тренажерлер балалардың көңілінен шықты.

Жергілікті жерде техникалық қадағалау ұйымдары мен Қарағанды облысының мемлекеттік органдарының өкілдері де болды. Өңір басшылығы ұйымдастырған штаб жұмыс істеді.

Соңғы жаңалықтар
telegram