Қарағандылық құтқарушы гір көтеруден халықаралық жарыста жеңімпаз атанды

ҚАРАҒАНДЫ№ ҚазАқпарат – Қарағандылық құтқарушы Александр Комаров кәсіпқойлар арасында гір спортынан Әлем Кубогы кезеңінде алтын медальға ие болды. Халықаралық біріншілік Будапештте (Венгрия) өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі,

Қарағандылық құтқарушы гір көтеруден халықаралық жарыста жеңімпаз атанды

Азаматтық қорғау аға лейтенанты Александр Комаров №11 өрт сөндіру бөлімінің инженері, гір спортынан халықаралық дәрежедегі спорт шебері. Құтқарушы-спортшы республикалық біріншіліктерде бірнеше рет жеңіске жетті, Еуропа чемпионы, Азия ойындарының чемпионы, кәсіпқойлар арасындағы әлем чемпионаттарының жүлдегері.

«Әлем Кубогы кезеңінде Александр Комаров ұлттық құрама сапында өнер көрсетті. Алтын медаль оған желтоқсан айында Ригада (Латвия) өтетін гір спортынан Әлем Кубогының финалына шығуға мүмкіндік берді», - хабарлады Қарағанды облысы ТЖД баспасөз қызметі.