Қарағандылық нейрохирургтер омыртқаға инновациялық ота жасауға үйренеді

ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Х.Ж.Мақажанов атындағы клиниканың нейрохирургтері омыртқаға инновациялық аз тілінетін ота жасауға үйренеді. Аталмыш отаны тәжірие жүзінде үйрету мақсатында Қарағандыға Ресейдің Новосібір қаласының Я. Л. Цивьян атындағы травматология және ортопедия ғылыми-зерттеу институтының маманы Александр Крутько келді, деп хабарлайды Қарағанды облысы әкімдігінің баспасөз қызметі.

Қарағандылық нейрохирургтер омыртқаға инновациялық ота жасауға үйренеді

Қарағандылық дәрігерлерге таныстырылған хирургиялық емдеу әдісі омыртқаның барынша тұрақтануы үшін оның барлық иілімдері мен бөлімдерінің тепе-теңдігін ескере отырып, омыртқа бөліктерін ауыстыруға негізделген. Бұл тәсіл күрделі дайындықты талап етеді. Дәрігерлер емделушінің омыртқасының жағдайын бағалап, сагитталдық тепе-теңдік сақталуы үшін арнайы формулалардың көмегімен есептеулер жүргізеді. Мұндай хирургиялық шаралардан соң қосымша оталар жасау керек емес. Өйткені омыртқа бірден физиологиялық нормасына келіп, ауыртпалықтар басылып, пациенттер өз бетімен жүре алады. Хирургиялық емдеуден соң жағдайдың күрделену тәуекелі де төмен .

«Әріптестеріміз бізді Қарағандыдағы базаларына шақырды. Біздің тәжірибеміз оларға да, ем алуға келген пациенттерге де пайдалы болады деген үміттеміз. Біз өткізген шеберлік сабағы алдымен ота жасайтын пациентті таңдауды қарастырады. Бес науқастың ішінен біз кімге тез әрі нәтижелі көмек көрсуге болатын біреуін таңдаймыз. Ал үлкен оталарды біз әзірге кідрте тұрамыз. Шеберлік сабағы дәрігерлер үшін және емделушілер үшін де пайдалы болады. Технологияға келер болсақ, біз оны күн сайын қолданамыз, бұл соңғы 10 жылдағы қол жеткізілген әлемдік технология. Оның ерекшелігі - есеп жасап, математикалық модель бойынша барлық отаны жоспарлауға болатындығында, - дейді Александр Крутько.

Шеберлік-сыныбы екі бөлімнен құралады - теориялық және тәжірибелік. Бүгін қарағандылық дәрігерлер Александр Крутьконың жетекшілігімен рентген кескіндерін талдап, әлеуетті емделушілердің анамнездері мен диагнозын талқылауда, артынан ота да жасалады.