Қарағандылық оқушы инсульттан кейінгі оңалтуға арналған интерактивті қосымша жасады

Оқушының кеңейтілген технологияларды қолдана отырып қосымшаны жасауына дәрігер туысы шабыт берді. Ұлан қосымшаны әзірлеуге бір жарым жыл жұмсаған.
Ол компьютерлік қосымшадан және компьютердің жанында орнатылған қозғалыс сенсорының функциясымен жабдықталған бейнебақылау камерасынан тұрады.
«STROKE REC AR кеңейтілген шынайылықта инсультты қалпына келтіруді білдіреді. Қосымша үй жағдайында ойын форматына бейімделген интерактивті емдік-дене шынықтыру жаттығуларын орындауға мүмкіндік береді. Бүкіл жаттығу дәрігерлермен келісілген. Яғни, науқас үйде қосымшаны орнатып, өз бетінше жаттыға алады. Мысалы, онда қолды кезекпен көтеруді қажет ететін жаттығу бар. Қосымша сонымен қатар пациенттерге ағаштан алма жинау имитациясын ұсынады. Камера қозғалыстарды тіркейді, ал монитор экранында алма жинау арқылы науқастың қимылын қайталайтын адам көрінеді. Яғни, толықтырылған шынайылық жасалады», – дейді Ұлан.
Қосымшаның тағы бір ерекшелігі – бағдарлама пациенттің бүкіл нәтижелерін жинайды және сақтайды, оған ұпай береді.
«Авторлық құқықты тіркедім. Жақын арада Қарағанды клиникаларының бірінің базасында қосымшаны машықтан өткізуді жоспарлап отырмын. Сынап көру үшін инсульт алған пациенттер қатысады. Олардың көрсеткішін дәрігерлер қадағалайды. Қосымшаның тиімділігі расталғаннан кейін оны кеңінен қолдануға ұсына аламын», – деп толықтырды оқушы.