Қарағандылық оқушы Кипрде өткен математика олимпиадасында қола еншіледі

ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат – Қарағандылық оқушы Рахым Баймурзин кезекті зияткерлік жетістікке қол жеткізді. Ол Кипрде өткен 38-ші Балқан математика олимпиадасында қола медаль ұтып алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

Білім бәсекесіне 18 елден жиналған жас математиктер қатысты. Қазақстан намысын Нұр-Сұлтан, Алматы және Қарағандыдан 6 өкіл қорғады. Олар бір күміс және төрт қола медаль ұтты.

Қола жүлде иегерлері арасында қарағандылық Рахым Баймурзин де бар. Ол Назарбаев зияткерлік мектебінің 12-ші сыныбында оқиды.

Оқу орнында атап өткендей, осы жыл Рахым үшін өте жемісті болды. Жас математик көптеген республикалық және халықаралық зияткерлік сайыстарда жақсы нәтижелер көрсете алды. Рахым XVII Халықаралық Жәутіков

олимпиадасының және Халықаралық Азия-Тынық мұхиты математикалық олимпиадасының күміс жүлдегері атанса, «Жібек жолы» Халықаралық математика олимпиадасында және 62-ші Халықаралық математика олимпиадасында қола еншіледі.

Соңғы жаңалықтар