Қарағандылық оқушы математикадан екі халықаралық олимпиаданың жүлдегері атанды

ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат – Қарағандылық Рахым Баймұрзин математикадан екі халықаралық олимпиаданың жүлдегері атанды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қарағандылық оқушы математикадан екі халықаралық олимпиаданың жүлдегері атанды

Қарағанды қаласының Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушысы Рахым Баймұрзин XXXIII халықаралық Азия-Тынық мұхит математикалық олимпиадасы және ХХ Халықаралық «Жібек жолы» математикалық олимпиадасына қатысты

Ол Халықаралық Азия-Тынық мұхит математикалық олимпиадасының күміс жүлдегері атанды. «Жібек жолы» олимпиадасында үшінші орын алды.

Биыл Азия-Тынық мұхит математикалық олимпиадасына 38 елдің өкілдері қатысты: Аргентина, Аустралия, Канада, Гонконг, Индонезия, Жапония, Қазақстан, Корея, Қырғызстан, Малайзия, Мексика, Жаңа Зеландия, Филиппин, Ресей, Сингапур, Шри-Ланка, Тайвань, Тәжікстан, Түрікменстан, АҚШ, Түркия және т. б.

«Жібек жолы» Халықаралық математикалық олимпиадасына Ұлы Жібек жолы бойында орналасқан елдердің: Қытай, Түркия, Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстан, Түркіменстан және т. б. оқушылары қатысты.