Қарағандылық параатлеттер БАӘ-де өткен халықаралық жарыстарда жүлделі орындарға ие болды

ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат – Қарағанды облысының жеңіл атлеттері Дастан Мұқашбеков, Руфат Хабибуллин және Тоқтар Жақыпов Біріккен Араб Әмірліктерінде өткен жарыстарда Қазақстанның намысын лайықты қорғай алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қарағандылық параатлеттер БАӘ-де өткен халықаралық жарыстарда жүлделі орындарға ие болды

Алдымен Шарджада халықаралық турнир өтті, оған 22 елден мүмкіндігі шектеулі спортшылар қатысты. Қазақстан атынан ядро итеру, найза мен диск лақтыру, жүгіру және ұзындыққа секіру сияқты 12 жеңіл атлет қатысты.

«Біздің құраманың өкілдері 15 медаль жеңіп алды. Қарағандылықтар өздерін өте жақсы көрсетті. Дастан Мұқашбеков диск лақтыруда алтын және ядро лақтыруда қола жеңіп алды. Руфат Хабибуллин 100 метрге жүгіруде екінші болды, ал 200 метр қашықтықта өнер көрсетуде үшінші орын алды», - деп мәлімдеді Қарағанды облысының дене шынықтыру және спорт басқармасында.

Осы турнирден кейін қазақстандық құрама Дубайда тірек-қимыл аппараты бұзылған және көру қабілеті бұзылған спортшылар арасында жеңіл атлетикадан әлемдік бас жүлде сериясына қатысты. Қарағандылықтар онда да жақсы нәтижелер көрсетті. Дастан Мұқашбеков ядро лақтыруда алтын медальға ие болды. Ал Руфат Хабибуллин найза лақтыруда екінші орын алды, Тоқтар Жақыпов болса, 400 метрге жүгіруде төртінші орынды еншіледі.