Қарағандылық полицейлер кісі өлімінің ізін суытпай ашты
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат – Қарағандылық полицейлер 28 жасар жігітті аяусыз өлтірген екі қылмыскерді оқиғаның ізін суытпай ұстады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
11 маусым күні таңғы 6:17 шамасында Назарбаев даңғылындағы үйлердің бірінен денесі бірнеше жерден пышақталған 28 жастағы азаматтың мәйіті табылды.
«Адам өлімі туралы хабарлама түскен бетте ішкі істер органдарының барлық жеке құрамына бағыттама берілді. Қарағанды қаласының ПБ патрульдік полиция жасағы оқиға болған жерге жақын орналасқан барлық аудандарға тексеріс жұмыстарын жүргізді. Арнайы іс-шаралар барысында патрульдік полиция полкінің қызметкерлері осы іске қатысы бар деген күдікпен 28 және 29 жастағы қала тұрғындарын ұстады. Күдіктілер қылмыс жасағандарын мойындады», - деп мәлімдеді Қарағанды облыстық Полиция департаментінің бастығы полиция полковнигі Ерлан Файзуллин.
Аталған фактіге қатысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 99 бабы 1 тармағы «Адам өлтіру» бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде.