Қарағандылық полицейлер осыдан 12,5 жыл бұрын тәртіп сақшысын өлтірген қылмыскерді ұстады

АСТАНА. Мамырдың 19-ы. ҚазАқпарат /Айдар Оспаналиев/ - Қарағанды облысының тәртіп сақшылары осыдан 12,5 жыл бұрын қылмыс жасап, іздеуде жүрген 29 жасар азаматты ұстады,

Қарағандылық полицейлер осыдан 12,5 жыл бұрын тәртіп сақшысын өлтірген қылмыскерді ұстады

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ішкі істер министрлігі таратқан мәліметтерге қарағанда, 1997 жылы Теміртау қаласының уақытша ұстау оқшаулағышының қызметкері, полиция сержанты Темірханов қала көшелерінің бірінде спиртті ішімдік ішіп отырған үш адамды кездестіріп, олардың қоғамдық тәртіпті бұзып отырғандығын ескертеді. Сол мезетте отырғандардың бірі тәртіп сақшысының басынан темірмен ұрып құлатады. Соққының салдарынан полиция қызметкері ауруханада көз жұмады.