Қарағандылық «Сарыарқа» «ТМД елдерінің рекордтар кітабына» енді

АСТАНА. ҚазАқпарат - 2014 жылдың 6 тамызы күні «Сарыарқа» хоккей клубына «ТМД елдерінің рекордтар кітабының» редакциялық алқасынан хат келді.

Қарағандылық «Сарыарқа» «ТМД елдерінің рекордтар кітабына» енді

Хатта «ТМД елдерінің рекордтар кітабының» редакциялық алқасының сараптама бөлімінің ұсынысымен «Сарыарқа» командасының рекордын, атап айтқанда, «Бір кәсіби хоккей командасының ең ұзақ таза жеңісін» ТМД елдерінің ресми рекорды ретінде мойындау туралы бірауыздан шешімге келген. Мұнда аталмыш команданың 2012 жылдың 31 қазанынан бастап 2013 жылдың 14 қаңтарына дейінгі Жоғары хоккей лигасы чемпионатының ойындары - 2012-2013 жылғы хокккей маусымының ашық Бүкілресейлік жарысы аясындағы барлық жеңістері есепке алынды, деп хабарланған «Сарыарқа» ХК ресми сайтында.