Қарағандылық «Шахтер» IFFHS-тің үздік 200 клубының қатарында
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қарағандылық «Шахтер» 4 мамырда жарияланған халықаралық футбол федерациясының тарихы мен статистикасы рейтингісінде 187-орында, деп хабарлайды sports.kz.
Бұл құрама - Топ-200-ге енген жалғыз қазақстандық аяқдоп шеберлері. Виктор Кумыковтың командасындасының еншісінде - 96,50 ұпай. Көшті мюнхендік «Бавария» бастап тұр. Екінші және үшінші орынға мадридтік «Реал» мен «Атлетико» жайғасты.