Қарағандылық спортшы Парижде өткен турнирде «алтын» алды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қарағандылық самбошы Бейімбет Қанжанов Париж қаласында өткен халықаралық турнирде жеңімпаз атанды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Қарағанды облысы әкімдігінің сайтына сілтеме жасап.
«Grand Prix de Paris de Sambo 2017 спорттық самбо бойынша «Б» класты турнирі 28 мамырда аяқталды. Аталмыш дода он жетінші рет Шарли стадионында өткізілген. Медальдар жиынтығы 27 санат бойынша ойнатылды.
Біздің спортшымыз, 2015 жылғы әлем чемпионы Бейімбет Қанжанов осы жолы да 52 келі салмақтық категорияда «алтын» алып, бірінші орыннан көрінді», - делінген сайт хабарламасында.