Қарағандылық спортшы жүзуден ел чемпионатында 6 медаль жеңіп алды

ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат – Саран қаласының спортшысы Ксения Игнатова жүзуден Қазақстан чемпионатында үздік нәтиже көрсетті. Жалпы Қарағанды облысының командасы үш алтын, жеті күміс және бір қола жүлде иеленді, деп хабарлады ҚазАқпарат тілшісі.

Қарағандылық спортшы жүзуден ел чемпионатында 6 медаль жеңіп алды

Республикалық біріншілік Ақтөбеде өтті. Оған қатысу үшін еліміздің барлық өңірінен 415 мықты спортшы жиналды.

«Ә. Молдағұлова атындағы олимпиада резервінің мектеп-интернат-колледжінің тәрбиеленушісі Ксения Игнатова барлық санаттар бойынша алты медаль жеңіп алды. Бірінші орын – арқамен 100 және 200 м жүзу, екінші орын – арқамен 50 м жүзу, үшінші орын – үш эстафета. Нәтижесінде қарағандылық спортшы 18 маусым мен 3 шілде аралығында Будапештте (Венгрия) өтетін су спорты түрлерінен 2022 жылғы әлем чемпионатына жолдама алды», - дейді Қарағанды облысының дене шынықтыру және спорт басқармасында.

Тағы бір бірінші орынды жоғары спорт шеберлігі мектебінің өкілі Даниэль Гальва (арқамен жүзу 200 м) алды.