Қарағандылық спортшылар акробатикадан Қазақстан чемпионатында үздік атанды

ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат – Қарағандыдағы А. Г. Степаненко атындағы олимпиадалық резерв мектеп-клубының гимнастика залында спорттық акробатика бойынша ҚР чемпионаты өтті. Қарағандылық спортшылар үздік атанды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

Жарысқа Алматы, Жамбыл, Павлодар, Солтүстік Қазақстан және Қарағанды облыстарының өкілдері қатысты.

Сайыста елімізден 73 мықты спортшы бақ сынады.

Жарыс бағдарламасында жаттығудың үш түрі болды: баланстық, динамикалық және аралас.

Бірінші орынды қарағандылықтар Александра Рудакова мен Дамира Талғат (әйелдер жұбы), Даниель Диль және Вадим Шуляр (ерлер жұбы), Руслан Мелешко және Русалина Халабурдина (аралас жұптар) иеленді.

«Әйелдер тобы» санатында күміс медальдарды Қарағанды гимнастика мектебінің өкілдері Адель Біржанова, Гүлару Алдабергенова және Полина Кузнецова жеңіп алды.


Соңғы жаңалықтар