Қарағандылық спортшылар паражүзуден Әлем кубогында 10 медаль иеленді

ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат – Италияда паражүзуден Әлем кубогында қазақстандық жүзгіштер 18 медаль жеңіп алды, оның 10-ы – қарағандылықтар, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қарағандылық спортшылар паражүзуден Әлем кубогында 10 медаль иеленді

Халықаралық біріншілікке 38 елден 300-ден астам спортшы қатысты. Қазақстан атынан жарысқа Ұлттық паралимпиада құрама командасының тоғыз спортшысы қатысты.


Қарағандылық жүзгіштердің қорытындысы:

Андрей Афанасьев – екі алтын (100 м брасс, 100 м баттерфляй), екі күміс (50, 100 м еркін стиль) медальдар;

Диас Кенжебек – қола (100 м төрт эстафета), күміс (100 м арқамен жүзу, жасөспірімдер арасында) медальдар;

Наталья Звягинцева – алтын (100 м артқа), екі қола (100 м төрт эстафета, 50 м еркін стиль) медальдар;

Сергей Кинов – қола (100 м төрт эстафета) медаль.

«Бұл биылғы жылы біздің спортшылар үшін алғашқы рейтингілік жарыс. Қазір жүзушілер әлем чемпионатына (маусым айы, Португалия) және Азия ойындарына (қазан айы, Қытай) қатысу үшін нормативтерді орындайды. Балалар алдағы ірі жарыстарға белсенді қатысады», – деді паражүзу командасының жетекшісі Татьяна Богословская.

Спортшылардың барлық нәтижелері Халықаралық паралимпиада комитетінің (IPC) 2022 жылғы әлемдік рейтингіне енгізілетін болады.