Қарағандылық тәртіп сақшылары 14 жыл жасырынып жүрген қылмыскерді құрықтады

ҚАРАҒАНДЫ - ҚазАқпарат - Қарағандылық полицейлер көршілес облыста қарақшылық шабуыл жасағаны үшін 14 жыл іздеуде жүрген қылмыскерді ұстады, деп хабарлады Қарағанды облысының ІІД баспасөз қызметінен.
None
None

«Қарағанды қаласы ІІБ Киров полиция бөлімінің криминалдық полиция қызметкерлері жедел іздестіру шаралары барысында Ақмола облысында 14 жыл жасырынып жүрген қылмыскерді ұстады», - делінген хабарламада.

Полиция ақпаратынша, ұсталған 48 жастағы ер адам 2000 жылы қарақшылық шабуылға қатысқан. Қаруланған тонаушылар қарағандылықтың үйіне баса көктеп кіріп, жарты миллион теңгеге жуық қаражатты қолды еткен.

«Бүгінде ұсталған адам тергеу абақтысына қамалды. Жақын арада оның ісі сотқа беріледі», - деп қосты облыстық ІІД баспасөз қызметінде.

Соңғы жаңалықтар