Қарағандылық тергеуші екі баланың өліміне қатысты іс қалай ашылғанын айтып берді
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат – Жылдың басында Қарағанды облысындағы Абай қаласының тұрғындарын ек жас баланың өлімі туралы жаңалық дүрліктірген болатын. Балалардың өліміне олардың анасы кінәлі екені анықталды. Балалар қандай жағдайда қайтыс болғаны жайлы ҚазАқпарат тілшісіне тергеуші баяндап берді.
2020 жылдың 29 ақпанда Абай аудандық ПБ кезекші бөліміне Абай қаласының көпқабатты үйлеріндегі пәтердің бірінде екі бала қайтыс болғаны туралы хабар келіп түсті. Оқиға орнына келген жедел тергеу тобы істі бірыңғай тергеу тізіліміне тіркеді. Тергеушілер мен жедел уәкілдердің арасында аға тергеуші Василий Агафонов та болды.
«Оқиға болған жерді зерттеу барысында үйде балалардың анасы болғандығы анықталды. Тергеу жүргізіліп, сот-медициналық сараптама тағайындалды, онда күдікті ананың әрекеті балалардың өліміне себеп болғаны анықталды», - дейді Василий Агафонов.
Сол күні қайтыс болған екі баланың анасы күндіз сәбиін ұйықтатпақ болған. Ол жылап жатқан балаларын үлкен көрпемен тұмшалап жауып тастаған. Әйелдің айтуынша, балалар осылайша 15-20 минут жатқан. Ал балалар тынышталғаннан кейін, ол көрпені ашып, оларды кереуеттерге жатқызып, өзі де ұйықтаған. Оқиға кезінде балалардың анасы мас болғаны анықталған, бұл сараптама нәтижесінде расталды. Ол шамамен 17.00-де оянған. Алайда ол кезде балалар тыныс алмай жатқанын байқаған.

«Күдіктінің кінәсі барлық іс-шара мен сараптамада Қылмыстық кодекстің 104-бабы 2-бөлігі яғни «Абайсызда екi немесе одан да көп адамды қазаға ұшырату» бойынша дәлелденді. Кейін бұл іс сотқа жіберу үшін прокуратураға жолданды», - деп түсіндірді аға тергеуші.
Әйелге 4 жылға шартты мерзім берілді. Тергеуші түсіндіргендей, ол тәртібі бойынша бұған дейін ешқандай есепте тұрмаған.
«Бізде бұл дәлірек айтар болсақ, дәл осы Абай ауданы бойынша, мен жұмыс істеген уақыт аалығындағы жалғыз жағдай. Біздің тарапымыздан, сондай-ақ кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі учаскелік полицейлер немесе инспекторлар көп жұмыс жасайды. Тұрмысы төмен отбасылар есепке алынады. Оларға қатысты бірқатар шара қолға алынған. Сондай-ақ азаматтарды тұрғылықты жері бойынша тексереміз. Тұрғындармен де алдын алу жұмысы жүргізіледі», - дейді Василий Агафонов.