Қарағандылық төтенше жағдайлар қызметтері жер сілкінісі кезіндегі іс-әрекеттерді тексеруге арналған «Жер-2009» республикалық жаттығуына қатысады
ҚАРАҒАНДЫ. Шілденің 16-сы. ҚазАқпарат /Валентина Елизарова/ - Төтенше жағдайлардың алдын алу және олардың салдарларын жою жөніндегі облыстық комиссия төрағасының өкіміне сәйкес,
«Жер-2009» республикалық командалық-штаб жаттығуының аясында шілденің 21-22-сінде Қарағандыда тәжірибелік іс-шаралар өткізіледі.
«Жер-2009» республикалық командалық-штаб жаттығуы Премьер-Министрдің тапсырмасын орындау мақсатында Төтенше жағдайлар министрлігінің жалпы жетекшілігімен 2009 жылы шілденің 20-24-і аралығында өткізіледі. Оның тақырыбы - төтенше жағдайлар туралы алдын ала ескерту және олардың салдарын жою жөніндегі мемлекеттік жүйенің басқарушы органдары мен күштерінің Алматы қаласы мен Алматы облысында болуы ықтимал жер сілкінісінің салдарын жою кезіндегі іс-қимылдарын дайындау болып табылады», деп хабарлады облыстық Төтенше жағдайлар жөніндегі департаменттің баспасөз қызметінен.
«Осындай шаралар облыстың барлық қалалары мен аудандарында өтеді. Жаттығулардың қорытындысы бойынша республикалық селекторлық кеңес өткізу жоспарлануда», деп атап көрсетеді департаменттің баспасөз қызметінен.