Қарағандылық «Тұлпар» - «LVIV OPEN CUP-2013» халықаралық турнирінің жеңімпазы
АСТАНА. 18 тамыз. ҚазАқпарат - Қарағандының шағын-футболдан «Тұлпар» командасы «LVIV OPEN CUP-2013» халықаралық турнирінің шешуші матчында Юграның (РФ) «Газпром-Юграсын» 5:4 есебімен жеңді.
Бұл туралы Sports.kz сайты хабарлады.
Әміржан Мұқановтың тәрбиеленушілері бірінші таймның қорытындысы бойынша 1:3 есебімен жеңілді, гол Дугластың еншісінде. Екінші таймда Павел Таку есептегі алшақтықты қысқартқанымен, ресейліктер тағы бір гол сала алды. Дегенмен, екінші голдың авторы атанған Дуглас пен Александр Гребенос ойынды овертаймға ауыстырды. Қосымша уақытта Гребенос «Тұлпарға» жеңіс әкелді.
Турнирдің үшінші орны Львовтың «Энергия» командасына бұйырды.