Қарағандылық «Тұлпар» УЕФА Кубогының Элиталық кезеңіндегі екінші жеңісіне қол жеткізді
АСТАНА. 22 қараша. ҚазАқпарат - Футзал бойынша УЕФА Кубогының Элиталық кезеңінің екінші турында қарағандылық «Тұлпар» Алматыда Белоруссияның «ВитЭнімен» кездесті, деп хабарлайды vesti.kz.
Еске сала кетейік, кеше тағы бір қазақстандық клуб - «Қайрат» бұл команданы 9:0 есебімен ойсырата ұтқан болатын. Кешегіге қарағанда қарағандылықтар мен «ВитЭн» арасындағы кездесу тартысты өтті. Қорытынды есеп - 4:2. «Тұлпар» екі рет қатарынан жеңіске жетіп, Төртеудің финалына шығуына енді бір қадам қалды.