Қарағандылық үздік мұғалімдерге 1 млн-нан астам теңге сыйақы төленеді

ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат -Биыл Қарағанды облысының мұғалімдері алғаш рет кәсіби мерекеге орай құрмет төс белгілері мен ірі ақшалай сыйақы алады. Бұл туралы өңір басшысы Жеңіс Қасымбек онлайн режимде өткен тамыз отырысында мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат өңір басшысының ресми сайтына сілтеме жасап.
None
None

- Биылғы жылы облысымыздағы мұғалім мамандығының беделін көтеру үшін «Қарағанды облысының білім беру саласының құрметті педагогі» төс белгісі жарияланды. Бұл марапат үздік педагогтарға тапсырылады. Оның иегерлеріне 400 АЕК мөлшерінде ақшалай сыйақы төленеді – бұл бір миллионнан астам теңге. Бұл марапаттың бірінші иегерлерін сіздердің кәсіби мерекелеріңіз – Мұғалімдер күніне орай анықтаймыз, - деді облыс әкімі.

Жеңіс Қасымбек мемлекет пен жергілікті атқарушы биліктің білім беру жүйесіне ерекше назар бөліп отырғандығын атап өтті. Осы жылдың 1 қаңтарынан бастап педагогтардың жалақысы орта есеппен 25%-ға өсті. 70-тен 100 АЕК дейін «Дипломмен ауылға!» бағдарламасы шеңберінде жас мамандарға көтерме жалақы ұлғайды. Студентердің шәкіртақысы 25%-ға ұлғайтылды.

Өңір басшысы білім беру саласының инфрақұрылымын дамыту туралы баяндады. Бұл жылы мектептерді, балалар бақшасы мен колледждерді жөндеуге 16,8 млрд теңге бөлінді, бұл 2019 жылмен салыстырғанда шамамен үш есе артық. Облыс қалаларында заманауи стандарттар бойынша жабдықталған мектеп оқушыларының екі жаңа сарайы ашылады.

Коронавирус індетіне байланысты қашықтан оқытуға шұғыл өтуге тура келді, педагогтар қолдаусыз қалған жоқ.

Жаңа оқу жылының қарсаңында облыстың 160 педагог ведомстволық марапатқа ие болды және 10 білім қызметкері облыс әкімінің алғыс хатын алды.

Осы жылы білім беру қызметкерлерінің дәстүрлі тамыз конференциясы бүгін, 26 тамызда Zoom платформасында және Facebook әлеуметтік желісінде онлайн өтті. Оған он мыңнан астам адам: білім қызметкерлері, ата-аналар қоғам және үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері қашықтан қатысты. Кездесу Saryarqa телеарнасының тікелей эфирінде және YouTube-та көрсетілді.

Конференция жаңа оқу жылының ерекшеліктеріне арналды. Қатысушылар қашықтық форматында оқытуды ұйымдастыру және білім сапасын арттыру мәселелерін талқылады. Қалалық және ауылдық мектеп оқушыларына арналған жаңа білім жобалары ұсынылды.


Соңғы жаңалықтар