Қарағандылық волейболшылардың Вьетнам телевидениесі кубогы халықаралық турнирінің жартылай финалындағы қарсыласы анықталды

АЛМАТЫ. 8 наурыз. ҚазАқпарат - Қарағандылық волейболшылар Вьетнамның Гиа Лай қаласында әйелдер арасында өтіп жатқан «Вьетнам телевидениесі кубогы» VII Халықаралық турнирінің топтық сайысында үздік шықты.
None
None

Нұрлан Садықов жаттықтыратын «Қарағанды» командасы вьетнамдықтардың «VTV-Binh Điền Long An» және «VietsovPetro» командалары мен Австралия құрамасын 3:0 есебімен ұтып, «А» тобында 9 ұпаймен жеңімпаз атанды. Олар ертең жартылай финалда «В» тобында 5 ұпаймен 2-орын еншілеген жарыс қожайындарының «Ngân hàng Công thương» командасымен кездеседі. Ал 6 ұпаймен 2-орын алған «VietsovPetro» 8 ұпай жинап «В» тобында жеңімпаз атанған «TT Liên Việt Bank» командасымен күш сынасады. Бұл сайыста үстем шыққандар жексенбі күні Кубок үшін таласады. Ал бүгін топтық сайыста 3-4 орын алған командалар 5-8 орындарды өзара сарапқа салуда. Мұнда вьетнамдықтардың «VTV-Binh Điền Long An» мен «Tân Bình» және Оңтүстік Кореяның «Yang Sang» командасы мен Австралия құрамасы өзара жұп құрап отыр.

Соңғы жаңалықтар