Қарағандылық «Волшебная страна» ансамблінің репертуарында 60 халық биі бар (ФОТО)
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Қарағандыда Балалар мен жас өспірімдер сарайының «Волшебная страна» үлгілі хореографиялық ансамблінің репертуарында әлем халықтарының әртүрлі 60 биі бар. Бұл туралы бас балетмейстер, «Мәдениет қайраткері» белгісінің иегері Лариса Дедуренко әңгімелеп берді.
«2000 жылы біз Ирина Вазбен бірге «Волшебная страна» ансамблін құрдық. Биылғы жылы осы өнер ұжымына 15 жыл толып отыр. Біздің ұжымымыз көпұлтты - ансамбльде 25 ұлттық балалары бар. Көркемдік жетекші И.Ваз басқарған педагогикалық ұжым халық билеріне сүйіспеншілікке, өзара құрметке және тағаттылыққа тәртбиелейді, Қазақстан мен әлем халықтарының мәдениеті мен салт-дәстүрін үйренуге көп көңіл бөлінеді. Қазір ансамбль репертуарында әлемнің әртүрлі халықтарының 60 биі бар», - деп атап өтті Л.Дедуренко.
Екі қарағандылық хореографиялық ансамбль - «Волшебная страна» және «Шолпан» Астанада Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдығын мерекелеу шараларына қатысты. Л.Дедуренко ансамбль көптеген этномәдени бірлестіктерге олардың қалыптасу кезеңінде көп көмектескенін еске алады. «Бізге әртүрлі мәдени орталықтар - беларусь, неміс, татар, еврей бірлестіктері және басқалары көмек сұрап келді. Біз оларға өздеріміздің ұлттық киімдерімізді бердік, халық билерін сахнада қоюға жәрдемдестік. Қазір енді оның қажеттігі жоқ. Қазақстан халқы Ассамблеясы күш алды Этномәдени бірлестіктер өз қызметтерін дамытуға, ұлттық киімдер сатып алуға гранттар алады», - дейді балетмейстер.
Қазақстан халқы Ассамблеясы - бірегей институт, деп атап көрсетті мәдениет қайраткері.
«Біз өз елімізбен бірге өсіп, дамып келеміз. Біздің бағдарламамыздың бірі «Бір ел - бір тағдыр» деп аталады. Қазақстан халқының бірлігі күні қарсаңында ел Президенті Нұрсұлтан Назарбаевты қайтадан сайлаудың ерекше мәні бар. Президентіміз салиқалы, көреген басшы, ол бүкіл халқымыздың мүддесіне қызмет етуде. Оның басшылығымен біз бұдан да үлкен табыстарға жетеміз. Ең бастысы - Президент Қазақстанда бейбітшілік пен тұрақтылықты орнықтыра білді», - деп ойын түйіндеді Л.Дедуренко.