Қарағандылық зілтеміршілер Бішкектегі Азия чемпионатында алтын олжалады

ҚАРАҒАНДЫ. 9 шілде. ҚазАқпарат - Қарағандылық зілтеміршілер Әсем Сәрсекенова мен Максим Лактионов Бішкекте өткен жастар және шеберлер арасындағы Азия чемпионатында жеңіс тұғырына көтерілді.
None
None

Бұл туралы Ауыр атлетика бойынша облыстық федерациядан хабарлады.

«Бішкектегі жастар арасындағы Азия біріншілігінде М. Лактионов (105 келіге дейін) және Ә. Сәрсекенова (58 келі) өз шеберліктерін дәлелдеді. Біздің спортшылар үйге алтынмен оралды», - деді федерациядан.

М. Лактионов өз жеңісін Астананың 15 жылдығына арнайтынын мәлімдеді.

Бішкекте өткен жастар және шеберлер арасында ауыр атлетикадан Азия чемпионатында 14 мемлекеттің 100-ге жуық спортшысы бақ сынады. Құрамалық тартыстардың қорытындысы бойынша жігіттер арасында Қырғызстандық зілтеміршілер топ жарса, екінші орын жерлестерімізге бұйырды,ал қола медальді Кувейт спортшылары еншіледі.

Соңғы жаңалықтар
Референдум