Қарағандылықтар 9 мамырда мәңгілік алаудың басына барды
Шара барысында соғыс ардагерлері мен тыл еңбеккерлеріне арнап арнайы шатыр тігілді.
«Жеңіс күні - қуаныш, қайғы және өткенді еске алу сезімдері бір арнаға тоғысатын күн. Міне, бүгін адамзат тарихындағы ең қайғылы оқиғаның аяқталғанына 72 жыл толып отыр. Осы уақыт аралығында көп нәрсе өзгерді. Тек біздің жарқын болашағымыз үшін, бейбіт заман үшін қан кешкен ардагерлерге деген құрметіміз өзгерген жоқ», - деді құттықтау сөзінде Қарағанды облысының әкімі Ерлан Қошанов.
Ол өз сөзінде қарағандылықтардың фашизмді жеңуге зор үлес қосқанын атап өтті. Сондай-ақ, 6500-ден астам қарағандылықтың ерен ерлігі үшін түрлі ордендермен және медальдармен марапатталғанын мақтан ететінін жеткізді.
Облыс басшысы, сондай-ақ, ардагерлерге бейбіт күнде өмір сүріп жатқанымыз үшін алғыс айтты. «Жеңімпаздар буыны - біздің қоғамымыздың мақтанышы. Олар шынайы Отанға деген сүйіспеншілік пен өжеттіліктің үлгісі. Біз әрқашан оларды есімізден шығармаймыз», - деді әкім.
Шара соңында бір минут үнсіздікпен және зеңбіректен оқ атып, өмірден өткен соғыс ардагерлеріне құрмет көрсетілді.
Айта кетейік, был облыста 184 ардагер Жеңіс күнін қарсы алды. Оның ең жасы егдесі - 98 жаста. Өңірде 13 мыңнан аса тыл еңбеккері тұрады.