Қарағандылықтар қазақтың сары майын жеуге кеңес беріп отыр

АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Ұлттық экономика министрлігі Тұтынушылар құқықтарын қорғау комитеті сары майдың құрамына өсімдік майын қосатын компанияларды атады, деп xабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қарағандылықтар қазақтың сары майын жеуге кеңес беріп отыр

"Ондай компаниялар табиғи сары майды сатуы тиіс. Ол өнімнің құрамында жануарлар майы болуы керек. Алайда ішіне өсімдік майын қосылғаны анықталды. Сол компаниялардың ішінде "Вимм-Биль-Дан" ААҚ, "Danon Россия" АҚ, "Erman", Сібірдің сүт консервілері зауыты, "Промконсерв" АҚ, "Сибирские подворье" АҚ, "Верxний услон" АҚ, "Неопродукт" ААҚ, Гагарин сүт консервілері комбинаты,  Андрушевский май зауыты сияқты ресейлік кәсіпорындар, Қырғызстанның "АҚ сүт" зауыты бар, сондай-ақ "Нәтиже" ЖШС, Райымбек Агро, Фуд мастер, Маслодел, Меркі ірімшік зауыты, "Сайрам сүт" ЖШС, Бурн сүт компаниясы, "Алтын дән" ЖШС, Солнечный сүт зауыты, "Адал" компаниясы, "Үш төбе Айдын" ЖШС, "Эмили компани" ЖШС, "Арыстан" ЖШС, "Арлан" ЖШС, "Айс плюс" ЖШС және "Агрофирма" ЖШС сынды қазақстандық фирмалар бар", - дейді комитеттің бас сарапшысы Дана Қасқатаева. Осы орайда бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері өз өнімін артық қоспасыз шығарып жатқан отандық компанияларды атауды сұрады. Алайда комитет мүшелері ондай компаниялардың барын, бірақ оларды атай алмайтындарын жеткізді. Себебі мемлекеттік орган ол кәсіпорындарға жарнама жасағандай болады. Ондай тізімді қоғамдық ұйымдар жүргізуі тиіс.

Осыдан кейін журналистер осы сауалды Қарағанды қаласының азаматтық кеңес төрағасы Ермек Әбілдинге жолдады. Кеңес төрағасы көп ойланбастан: "Расын айтсам, мен өзім сары майды, кәдімгідей ауылда қолдан жасалған сары майды жеймін", - деп қысқа ғана қайырды.

Айта кетейік , бүгінгі баспасөз мәслиxатында Қарағанды қаласының азаматтық кеңес төрағасы Ермек Әбілдин сапасыз май өнімдерін жариялады.  Ал ҚР Ұлттық экономика министрлігі Тұтынушылар құқықтарын қорғау комитеті төрағасының орынбасары Нұрқан Сәдуақасовтың айтуынша, өткен жылы Қазақстанда сатылатын 100-ден астам май өнімдерінің құрамы талапқа сай емес деп танылды. Соның басым бөлігі - ресейлік тауарлар.