14:30, 28 Шілде 2021 | GMT +6
Қарағандылықтар Маңғыстау облысына 6 мың тең шөп жіберді
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Қарағандылықтар Маңғыстау облысы фермерлерінің проблемаларынан тыс қалған жоқ. Құрғақшылықтың салдарынан олар малға қажетті жем-шөпсіз қалды. Кеншілер шаһарының тұрғындары 6 мың тең шөп жинап, аттандырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Қарағандылықтар құрғақшылықтан зардап шеккен Маңғыстау облысына 6 мың тең шөп жіберді. ҚМДБ төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы «Қиындықта ел бірге» қайырымдылық жобасына бастамашылық етті.
Қарағанды облысының дін қызметкерлері, сондай-ақ мешіттердің жамағаты қайырымдылық акциясына қатысты. Олар Маңғыстау облысының Шетпе және Бейнеу аудандарында төрт вагон шөп жинап, жөнелтуді ұйымдастырды.