Қарағандылықтар онлайн-ойынхана рулеткасында ойнау мүмкіндігінен айырылды

«Қарағанды қаласындағы Қазыбек би аудандық прокуратурасы интернет-кеңістік мониторингі барысында онлайн-ойынханаға қолжетімділікті қамтитын сайттарды анықтады. azartplay-online.com және nj-casino.goldennuggetcasino.com сайттарында америкалық, еуропалық, француздық рулеткаға онлайн-ойын ойнау мүмкіндіктері болғаны анықталды. Бұдан басқа, «Alladin», «Magic money» ойын автоматтарына, және т.б. қолжетімділік болған», - делінген хабарламада.
Прокуратура заңсыз сайттарды жабуға тала-шағым берді.
«Қазыбек би аудандық соты талап-шағымды толық көлемде қанағаттандырды. Шетелдік бұқаралық ақпарат өнімдерін таратуға тыйым салынды. Оған онлайн-казиносы бар azartplay-online.com және nj-casino.goldennuggetcasino.com. сайттары жатады. Сот қаулысын орындау ҚР Инвестиция және даму министрлігі Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитетіне жүктелді», - деп хабарлады облыстық прокуратура баспасөз қызметі.