Қарағандының 3D-макеті 30 млн. теңгеге түсті (ФОТО)
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Қарағандыда жұртшылыққа қаланың 3D-макеті таныстырылды
«Макет мөлшері 1+1 метрлік 183 планшетте орындалған, онда 185 мыңдай ғимараттар мен құрылыстар көрініс тапқан. Ауқымы 1:2000», - деді «Қала құрылысы кадастр орталығы» ЖШС директоры Тимур Аужанов.
Орындаушы-кәсіпорын басшысы нақты көріністерді беруде кейбір күрделі жағдайлар болғанын мойындады. «Қалада мұндай ауқымдағы, жолдар және ғимараттар белгіленген дәл карта жоқ»», - деп атап өтті ол.
Жасаушылардың пайымдауынша, қазіргі бар ғимараттар макетте сұр түсті пластикпен, жобаланып жатқандары - қоңыр түспен берілген.
«Бюджеттен 3D-макетті жасауға 30 млн. теңге бөлінді. Бұл орынды шығындар деп ойлаймын. Біз қаланың толық көрінісін көріп отырмыз. Макетті қала салушылар пайдаланатын болады», - деді Қарағанды әкімі Нұрлан Әубәкіров.
Оның айтуынша, макеттің тұрақты орны әлі белгіленбеген. «Қазір қарап жатырмыз. Биыл ашылғалы отырған Достық үйіне орналастыратын болармыз. Онда ыңғайлы зал болады», - деді қала басшысы.