Қарағандының ауыл шаруашылығы саласы биыл 386 бірлік техникамен толықпақ

АСТАНА. ҚазАқпарат - 2021-ші жылға дейін Қарағанды облысының ауылшаруашылығы кәсіпорындарының машина-тракторлық паркі 682 бірлікке дейін ұлғаяды. Бұл туралы бүгін Қарағанды облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Юржан Бекқожин өңірлік коммуникациялар қызметінде болған брифингте айтты.

Қарағандының ауыл шаруашылығы саласы биыл 386 бірлік техникамен толықпақ

«Жаңарту 2017-2021 жылға агрөөнеркәсіп кешенін дамыту мемлекеттік бағдарламасының арқасында жүзеге асуда. Осы жылдың 9 айы аралығында Қарағанды облысының ауыл шаруашылығы кәсіпорындары жоспарды асыра орындап, жалпы сомасы 5,3 млрд теңгеден асатын 386 бірлік ауыл шаруашылығы техникасын сатып алған. Бұл өткен жылғы дәл осындай мерзіммен салыстырғанда 72 бірлік техникаға көбірек», - деп мәлімдеді ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы.

Орташа есептегенде ауыл шаруашылығы техникасының паркі жыл сайын 1,5 - 2 пайызға жаңарып отырады. АӨК дамыту бағдарламасы бойынша 2021-ші жылға қарай Қарағанды облысының ауылшаруашылық техникасын жыл сайын 682 бірлікке ұлғайту жоспарланып отыр.