Қарағандының хайуанаттар бағына алғаш рет ала құлан әкелінді

ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Қарағандыдағы хайуанаттар бағына 80 жылдық тарихында алғаш рет ала құланды (зебра) қабылдады, деп хабарлайды «ҚазАқпарат ХАА тілшісі.
None
None

Батыр есімді зебра Алматы зообағынан алынған. Оны хайуанаттар бағына Қарағандыдағы супермаркет желілері бірінің басшысы Лариса Югай сыйға тартқан.

«Батыр - ала құланның төлі. Оның жасы бір жарымда. 2017 жылы зообаққа 80 жыл толады, сондықтан бұл осындай айтулы мерекеге орай тартылып отырған керемет сый», - деді зообақ бөлімдерінің бірінің басшысы Амин Алин.

Хайуанаттар бағының әкімшілігі ала құланды кең қоршауға орналастырды.

Ала құланды сыйға тартқан кәсіпкер бұл сыйлыққа байланысты пікір білдіруден бас тартты. 

Соңғы жаңалықтар