Қарағандының Орталық дүкенінен өрт шықты: Адамдар эвакуацияланды

ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Қарағандыда Орталық дүкеннен (ЦУМ) өрт шықты, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

Қарағандының Орталық дүкенінен өрт шықты: Адамдар эвакуацияланды

Қарағанды облысы ТЖД баспасөз қызметінің хабарына қарағанда, тілсіз жау Орталық дүкеннің қосалқы бөлмесінен тұтанған. Киім-кешектер жана бастаған.

«Өрт 16:05-те екінші қабатта тұтанды. Алау өрт сөндіру қызметкерлері жеткенше ауыздықталды, 16:31-де толықтай сөндірілді. Жалын екі шаршы метр аумақты шарпыды», - дейді ТЖД баспасөз қызметіндегілер.

null 

Өртті сөндіруге жеке құрамның 17 қызметкері мен төрт техника жұмылдырылды.