Қарағандының орталық саябағында үйеңкі мен жөке ағаштары отырғызылды
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Қарағанды қаласының Орталық мәдениет және демалыс саябағының жағалауында 150 көшет отырғызылды. Оларға саябақтар мен гүл бақтары басқармасының қызметкерлері күтім жасайтын болады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Жасыл желектер аптасына екі рет суарылып, тыңайтқыштармен қоректендірілетін болады. Бүгінгі ағаш отырғызу науқанына 70 адам қатысты.
«Тендер арқылы отырғызу материалдарын жергілікті ағаш өсірушілерден сатып алдық. Отырғызу кезінде көшеттер біраз жерсінеді, сондықтан олардың ең әлсіздері жаңа орында өспей қалуы мүмкін. Отырғызылған ағаштардың жалпы санынан әдетте 10%-ға жуығы қурап қалады. Бұл қалыпты көрсеткіш. Біз оларды келесі отырғызулар кезінде жаңа көшеттерге ауыстырамыз», - деп түсіндірді Қарағанды әкімдігінің «Мәдениет, демалыс саябақтары мен гүлзарлары басқармасы» КМК бас инженері Талғат Смайылов.
Осы жылы саябақтар мен гүлзарларда қылқан жапырақты және жапырақты екі мың ағаш отырғызу жоспарлануда. Олардың арасында қарағай, қайың, шаған, жөке және мойыл ағаштары бар.