09:15, 08 Қараша 2013 | GMT +5
Қарағандының «Шахтері» Голландияның «АЗ Алкмаар» командасынан ұтылды
АСТАНА. 8 қараша. ҚазАқпарат - Қарағандының «Шахтер» командасы Еуропа Лигасының топтық кезеңінің төртінші турында Голландияның «АЗ Алкмаар» командасынан ұтылды, деп хабарлайды Vesti.kz.

Алкмаар стадионында өткен кездесу 1:0 есебімен аяқталды.
«Шахтер» бұл матчқа негізгі құрамның жартысын ғана апарды. Голландияға барлығы 14 ойыншы барды. Жексенбі 10 қараша күні қарағандылық футболшылар Қазақстан Кубогының финалында «Тараз» командасымен кездеседі.
28 қараша күні Астанада «Астана-Арена» стадионында өтетін келесі ойында «Шахтер» Грекияның ПАОК командасын қабылдайды. Ал «АЗ Алкмаар» дәл сол күні Израильдің «Маккабиімен» кездеседі.