Қарағандының Шет ауданында барымташылар жайылымда жүрген 23 жылқыны айдап әкетті

АСТАНА. Мамырдың 5-і. ҚазАқпарат /Айдар Оспаналиев/ - Қарағандының Шет ауданында болған қарақшылық әрекеттің жолы кесілді.
None
None

Барымташылар онда жайылымда жүрген 23 бас жылқыны айдап әкеткен. Бұл туралы бүгін журналистермен болған апталық брифингте Ішкі істер министрлігінің Тіл саясаты және ақпарат департаментінің бастығы Қуанышбек Жұманов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Малы ұрланған азаматтар барымташыларды ұрлық үстінде байқап қалып, олардың іздеріне түскен. Алайда ұрылар оқ атып, қашып кеткен. Жедел-іздестіру шараларының барысында осы облыстың екі тұрғыны ұсталып, ұрланған жылқылар табылды. Барымташылардың көліктері тәркіленді. Қазіргі уақытта өзге де сыбайластарын ұстау бойынша тисті шаралар атқарылуда. «Ал Павлодарда контрафактілік өнім таратумен айналысып жүрген жергілікті екі тұрғын құрықталды. Тексеру барысында олардың жалға алған офистерінен 866 контрафактілік өніп табылды. Олардың 27-сі порнографиялық фильмдер жазылған дискілер. Сондай-ақ 840 аудио және видеодискілер мен 4 контрафактілік өнімдерді сатылғандығын жөніндегі журнал табылды. Осы уақытта контрафактілік өнімдердің қандай жолмен дайындалғандығы жөніндегі мәліметтерді анықтау мақсатында тиісті шаралар жүргізілуде», деді департамент бастығы.

Соңғы жаңалықтар