Қарағандының ТМРА департаментіне жаңа директор тағайындалды

АСТАНА. 26 шілде. ҚазАқпарат - Максилов Төлеген Маямерұлы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі Қарағанды облысы бойынша департаментінің директоры болып тағайындалды, деп хабарлады ТМРА-ның баспасөз қызметі.
None
None

Т.Максилов 1965 жылы дүниеге келген, қазақ, екі жоғары білімі бар. 1990 жылы «құрылысшы» мамандығы бойынша Павлодар индустриялды институтын, 2004 жылы «мемлекеттік қызмет менеджері» мамандығы бойынша ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік қызмет академиясын тәмамдаған.

Еңбек жолын 1990 жылы «Трансқұрылыс» АҚ-да шебер, прораб болып қызмет етуден бастады. 

2001 жылдан бастап Павлодар облыстық төтенше жағдайлар басқармасының бас маманы болып жұмыс жасады, кейін Павлодар облысы әкімі істерінің басқармасына материалдық-техникалық бөлім басшысы етіп ауыстырылды.

2004 жылдың тамыз айынан Павлодар облысы көлік және коммуникация, коммуналдық-шаруашылық департаменті директорының орынбасары болып жұмыс істеген.

2005 жылдың ақпанынан бастап  - Павлодар облысы жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары департаменті директорының орынбасары.

2009 жылдың наурыз айынан - Павлодар қалалық құрылыс бөлімінің басшысы.

2010 жылдан бастап - Павлодар облысы әкімі аппаратында ұйымдастыру-қадағалау бөлмінің меңгерушісі.

2012 жылдың сәуір айынан бастап ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының кеңесшісі болып қызмет атқарды.

Соңғы жаңалықтар